Бүгінде ТЖД қызметкерлері Жайықтан Атырау тұрғынын іздестіруді жалғастыруда. Еске сала кетсек, осыдан екі күн бұрын Балықшы көпірінің астына екі балықшы мұз астына түсіп кеткен еді. Олардың бірі Жұмыскердің 48 жастағы тұрғынын құтқарушылар алып шыққанымен, 47 жастағы екіншісі мұз астына кеткен.
Қазір туыстары жерлеу үшін суға батқан адамның денесін сүңгуірлердің іздеп жатқаны анық. «Іздестіру-құтқару жұмыстарына 11 қызметкер, 2 техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды», - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ТЖД жолдаған сурет пен бейнежазба