Атырау, 28 қараша 18:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Әлеуметтік» нанның қымбаттауына жол берілмейді

1 492 просмотра

4 қаңтарда Атырауда әлеуметтік нан бағасы бірден қымбаттады. Сауда орындары бағаны 10 теңгеге көтерді (яғни, нан бағасы 120 теңге болды), алайда байқампаз азаматтар қалалық әкімдікке шағымданды.

Кәсіпкерлік және сауда бөлімі өзінің тексеру нәтижесін баспасөз хабарламасында жариялады:

«Атырауда 1-сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нанды сатумен айналысатындар: 47 «Дәулет нан» дүңгіршегі – бір бөлкенің бағасы 90 теңге, 33 «Лидер» супермаркетінде 80 теңгеден, 6 «Идеал» супермаркетінде 82 теңгеден, 16 «Ярмарка» супермаркеті, 3 «Марко» супермаркетінде 85 теңгеден, 3 «Анвар» супермаркеті 95 теңгеден сатып жатыр».

Ал ықшамаудандар ішінде нан бағасы 115 теңгеге жетті.

Наубайшылардың айтуынша, бұған нан пісіруге пайдаланылатын азық-түлік өнімдерінің: өсімдік майы, жұмыртқа, қант, ашытқы бағасының қымбаттауы себеп болған. Бұдан басқа, коммуналдық мекеме қызметтері мен жабдықтардың қосалқы бөлшектері де қымбаттады. Наубайхана қызметкерлері де жалақыны көтеруді талап еткен.

Айтпақшы, кәсiпкерлiк бөлімінің қалыптасқан жағдайда да наубайханаларда әлеуметтiк нанды бұрынғы бағамен шығаруға мүмкiндiк бар деген пiкiрі бар. Қазір 1-сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нанның орташа құны бұрынғыша 95 теңге.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қаңтар 2023, 22:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.