Индер ауданының әкімдігі аралап шыққаннан кейін ауа райының қолайсыздығы мен жауын-шашынның мүлде болмауы шын мәнінде каналдардың бойында орналасқан мал шаруашылықтарына көп қиындық тудырғанын мойындап, суды жіберу үшін және электр желісін қосуға жауапты мекемелерге хат жолдады. Жағдай тұрақталды.
Еске салсақ, малшылар жергілікті шаруа қожалықтарының малдарына су тапшы екенін хабарлаған болатын. «Қазсушар» РМК Атырау облыстық филиалымен бірлескен жұмыс нәтижесінде Индер ауданындағы «Бағырлай», «Алғабас-Жорық» және «Ақсай» каналдарына су тарту жұмыстары реттелді. Мәселені шешу үшін 3 техника мен 22 қызметкер жұмылдырылды.
Қайыршақты ауылдық округіндегі "Қарғалы" каналына да су жіберілгені белгілі болды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Қайыршақты ауылдық округіндегі шаруалар жолдаған бейнежазба