Атырау, 28 қараша 19:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Нұрлы Хабиева қызметінен босатылды

2 591 просмотра

4 қаңтарда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде 13 жылда алғаш рет басшылығы ауысты: Нұрлы Хабиева келеңсіз себептермен басшы қызметінен босатылды.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті 2022 жылдың қарашасында рұқсат берген қызметтік тексеру нәтижесінде қызметінен босатылған. Бірыңғай тәртіптік комиссияның отырысында қазіргі экс-басшы тарапынан құқық бұзушылық фактілері орын алғаны анықталды: Н.Хабиеваны қызметінен босату туралы өкім қабылданды.

Оның міндеті сол бөлімнің орынбасары Анар ЖЕҢІСОВАҒА  жүктелді. Жаңа басшыны тағайындау конкурс арқылы жүргізіледі.

Еске салайық, Н.Хабиева 1965 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Қазақ политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Бұған дейін өндірісте, мемлекеттік басқару саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Бұл қызметке тағайындалғанға дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі қызметін атқарған.

2010 жылдың қазан айында қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Айнұр САПАРОВА

5 қаңтар 2023, 23:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.