Атырау, 28 қараша 18:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда Қаңтар оқиғасына қатысушылардың айыбы жеңілдетілді

1 600 просмотра

Куәгерлерден жауап алу және «Қаңтар» ісінің материалдарына дәлел ретінде видеожазбаларды қарау былтыр 28 желтоқсанда аяқталған.

4 қаңтар күні айыпталушылардан жауап алынуы тиіс болатын. Алайда, прокурор Дәулет АЙМАҒАМБЕТОВ жаңа айыптау актісін оқуға өтініш беріп, судья Зарема ХАМИДУЛЛИНА оны қанағаттандырды.

Сот процесінде полиция департаменті, әскери бөлім, облыстық әкімдік, “Мирас” құрылыс компаниясынан келген жәбірленушілер қатысты.

Бір қызығы, жаңа тұжырым сотталушылардың айыбын жеңілдетуге бағытталған, алайда айыптау орындығында отырған алты адамға «жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін» ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы бойынша тағылған айып өзгеріссіз қалды.

Аса ауыр санаттағы қылмыс жасады деп айыпталған үш сотталушының айыбы жеңілдетілді. Оларға "Жаппай тәртіпсіздікке қатысу", "Билік өкіліне күш қолдану", "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру", "Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу", "Ұрлық" баптары бойынша айып тағылған.

Енді жаңа айыптау актісіне сәйкес, қалғандарына “Билік өкілінің өміріне немесе денсаулыққа қауіп төндіретін күш қолдану” айыбынан “Денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану” айыбына өзгерген. 

Үйқамақта жүрген тағы бір сотталушыға қатысты «Жаппай тәртіпсіздікке қатысу», «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» баптары бойынша айыптары қалдырылып, «Ресми құжаттарды пайдакүнемдiк мақсатта заңсыз алып қою немесе бүлдіру» айыбы алынып тасталды.

Енді сотталушылардың жаза дәрежесі ауыр, онша ауыр емес, орташа деңгейдегі қылмыс болып қайта саралана отырып, 10 қаңтарда қаралады.

Еске салсақ, іс бойынша жалпы 115 жәбірленуші (олардың барлығы - полицейлер мен әскери қызметкерлер) бар. Олардың 20-сы қаңтар оқиғасында жарақаттанғанын айтқан. Бұған қоса істе 110 куәгер бар. Айыпталған 27 адамның төртеуі тергеу абақтысында отыр. Қалғаны үйқамақта және ешқайда кетпейтіні туралы қолхатпен босатылған.

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді түсірген автор

5 қаңтар 2023, 23:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.