Атырау, 12 қараша 23:30
 дождьВ Атырау +3.8
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Жоғалған адам аман-есен көрші ауылдан табылды

Сурет
1 595 рет қаралды

2023 жылдың 4 қаңтар күні сағат 17:00-де Атырау облысы ТЖД құтқарушылары мен және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерін Құрманғазы ауданында жоғалған азаматты Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан Шортанбай ауылынан аман-есен тапты. 

Естеріңізге сала кетейік, Көптоғай ауылының 51 жастағы тұрғыны 2023 жылдың 1 қаңтар күні  үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. Құтқарушылар, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындардың күшімен іздестіру-құтқару жұмыстары 2 күнге жалғасқан.  

Табылған азамат медициналық көмекті қажет етпеді. Денсаулығы қалыпты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 6 қызметкері, 1 техникасы және АПБ 2 қызметкері, 1 техникасы жұмылдырылды. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

ТЖД жолдаған суреттер

5 қаңтар 2023, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.