Атап айтқанда, ең ірі – Қайыршақты ауылдық округіне (барлығы 762,6 га) қалалық бюджеттен 24,29 млн теңге бөлінеді, бұл туралы ҚР мемлекеттік сатып алу сайтында көрсетілген. Өз аумағын тазалауға жол жиегін, тротуарлар мен көгалдарды қоқыстан және ластықтан тазалау, көлік тоқтайтын қалталар мен павильондарды күтіп ұстау, жуу, сондай-ақ қоқысты қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына тасымалдау кіреді.
Ауылдық округтерде жұмыс істеу үшін қала әкімдігі жалпы құны 85,535 миллион теңгеге бульдозер соқасы бар бес тракторды сатып алуға тендер жариялады. Қалалық ТКШ басқармасының мәліметінше, техника округтерде қалады.
Жуырда өткен қалалық мәслихат сессиясында қала әкімі Мейірім ҚАЛАУИДЫҢ хабарлауынша, округтерде бос отыратын заман өткен, енді 2023 жылдан бастап округ бюджеті мен техникасын әкімдер өздері басқаратын болды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ