Атырау, 28 қараша 18:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ойын пышақтасумен аяқталды

2 000 просмотра

Қаңтардың 3-інен 4-іне қараған түнде Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында қанды оқиға орын алды.

Анықталғандай, ауыл жастары спорт кешенінде футбол ойынын ұйымдастырады. Ойын барысында өзара келіспеушілік орын алып, жанжалды сыртта жалғастырған. Төбелес салдарынан екі адам қатты зардап шекті: бірі ауруханаға түссе, екіншісі суық қарудан қаза табады.

Қаза болған жігіт 22 жаста, пышақ жарақатынан қайтыс болған. Бұл оқиғаға қатысты күдікті ретінде 24 жастағы жігіт уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Лəззат ҚАРАЖАНОВА

5 қаңтар 2023, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.