Серік Жұмажанұлы ДЕМЕГЕНОВ 1981 жылы Атырау облысында туған.
2003 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Басқару және Құқық институтын тәмамдап, заңтану мамандығын алған. Еңбек жолын 2004 жылы құқық қорғау органдарында бастаған.
2007 жылдан мемлекеттік қызметте. Тағайындалғанға дейін Атырау облысы қаржы басқармасы басшысы, басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
Бұрынғы басшы облыстық басқармада осындай лауазымға тағайындалып, мансап сатысымен жоғары көтерілді.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ