Атырау, 12 қазан 14:27
 дождьВ Атырау +21
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Доссор трассасындағы жол апатынан екі жасар бала көз жұмды

Сурет Бейнежазба
2 327 рет қаралды

2 қаңтарда күндіз Доссор-Бейнеу тас жолының 147-шақырымында ВАЗ Priora және Toyota Alphard көліктері бетпе-бет соқтығысып, жол апаты орын алды. Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, соққы салдарынан ВАЗ Priora автокөлігінің 2021 ж.т., 1985 ж.т. жолаушылары оқиға орнында қаза тапты.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі («Жүргізушінің екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ПД жолдаған суреттер мен бейнежазба

3 қаңтар 2023, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.