Атырау, 28 қараша 20:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Алғашқы ҰБТ 10 қаңтарда басталады

2 002 просмотра

2023 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында ақылы негізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұлттық бірыңғай тестке өтініш беру app.testcenter.kz сайтында 20 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында жүргізілуде. Бұл тестілеуге мектептің 11 (12) сынып оқушылары, жоғары оқу орнына академиялық кезеңге қабылданған студенттер, ЖОО-да шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобының студенттері және басқа топқа ауысуға ниет білдірген студенттер, ЖОО-да басқа топта оқып, педагогикалық топқа ауысуға ниет білдірген тұлғалар ақылы негізде қатыса алады.

- Биыл ҰБТ форматына бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтсам, талапкердің білімін терең бағалау мақсатында «Қазақстан  тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады. Ол 1-ден 10-ға дейін бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, ал 11-ден 20-ға дейін контекстке негізделген тапсырмалар. «Оқу сауаттылығы» бағытында үш мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы беріледі және бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында жауап  нұсқаларының саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест жауап нұсқаларының саны 8-ден 6-ға дейін азайтылды. Сонымен қатар ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізілді, - деді А.Дүйсекенова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қазір өңірде сұранысқа ие мамандықтар негізінде құрылған облыс әкімінің грантына өтініштер қабылдануда.

Биыл Атырау облысында 5683 түлек мектеп бітіруі керек. «Алтын белгіге» 82 оқушы, ерекше үлгідегі аттестатқа 155 оқушы үміткер.

Айнұр САПАРОВА

1 қаңтар 2023, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.