Атырау, 28 қараша 20:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Тегін емхана нашар емдейтіндіктен, ақылысына барамыз»

1 674 просмотра

Атырауда азаматтарды әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету және медицина мекемелері көрсететін қызметтердің сапасы мәселелеріне арналған жиын өтті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) Атырау филиалының директоры Байтолла ҒАЗИЗОВТЫҢ хабарлауынша, жыл басынан бері филиалға медициналық қызметтің сапасыздығына, негізінен алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қатысты 348 шағым түскен.

– Дегенмен, тексеруден кейін оның 219-ы негізсіз болып шықты. Қалған жағдайда азаматтардың арыз-шағымдары расталып, жіберілген кемшіліктерді жою шаралары қолға алынып, бірқатар дәрігерге тәртіптік жаза қолданылды, – дейді Б.Ғазизов.

Оның айтуынша, кездесу барысында тұрғындар ӘМСҚ аясындағы медициналық қызметтердің сапасыздығынан өздерінің ақылы емханаларға жүгінуге мәжбүр екенін жиі айтып шағымданады.

Төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ жағдайды жақсарту бойынша тапсырма берді.

Айнұр САПАРОВА

30 желтоқсан 2022, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.