KPI зауытының бірқатар қызметкерлерінің арызы бойынша Атырау облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізуге санкция берді.
Еске салсақ, «АЖ»-ға «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» (KPI) ЖШС-нің алдағы уақытта жұмыстан босату туралы хабарлама алған 60 шақты қызметкері жүгінген болатын. Компания баспасөз хабарламасын, одан кейін өндірістік департаменттің сарапшысы Сәдуохас МЕРАЛИЕВПЕН бейнехабарлама дайындады. Оның айтуынша, жұмысшыларды қысқарту құрылыс кезеңінен тікелей өндіріске көшіп жатқан кәсіпорынды қайта құрылымдауға байланысты, ал жұмыстан босату тек құрылысшыларға қатысты екен. Алайда, жұмыстан шығарылғандар тізімнің басым бөлігі құрылысшылар емес, келесі пайдалану кезеңінде жұмысын бастауы тиіс өндіріс мамандары екенін алға тартты. Тізімде бала күтімі бойынша декреттік демалыста жүрген әйел де бар, бұл өз алдына еңбек заңнамасын өрескел бұзу.
Осы оқиға тудырған резонанстан кейін, кету парақтары мен жұмыстан босату сауалнамаларын алған кейбір қызметкерлер енді басқа қызметке ауысу туралы ұсыныспен жаңа хабарламалар ала бастаған. Сөйтіп жетекші инженерлер мен механиктерге электриктердің, монтёрлардың – жалпы орта буын техникалық персонал лауазымдары ұсынылған.
KPI мұнымен шектелмей, атыраулық блогер Нұрлан ЖУНАСОВ пен экоәлеуметтік белсенді Арман ХАЙРУЛЛИНДЫ кездесуге шақырған. Бейнежазбаның мәні KPI кәсіпорнында шетелдіктердің жұмыс істемейтіндігіне саяды (негізінде мұның осы іске қатысы жоқ). Ал қазақстандықтарға келсек, мынадай цифрлар аталды: Атырау облысының 588 тұрғыны және еліміздің басқа өңіренің 90 шақты тұрғыны. Атыраулық мамандар босатқан жетекші орындарға басқа қаладан қанша адам орналасады, декреттік демалыстағы әйелге қатысты не болғаны туралы сауалдар көтерілген жоқ.
Осы аралықта Атырау облысы кәсіподақтар аумақтық бірлестігіне (КАБ) жұмыстан босатылған бір топ жұмысшы шақырылды. Кәсіподақтар бітімгер ретінде әрекет етуге тырысуда. КАБ төрағасы Әлібек СЕМҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, 29 желтоқсанда KPI өкілдерімен кездесу өткен. Оларға өз қызметкерлерімен келіссөз үстеліне отыру ұсынылып, олар келіскендей болған.
Сондай-ақ жұмыстан босатылғандардың Атырау облысы прокуратурасына басшылық әрекетінің заңдылығын тексеру өтінішімен ұжымдық хат дайындағаны белгілі. Олар қызметкерлер штатын қысқарту іс жүзінде болды ма, олардың орнына басқа адамдар алынды ма, жоқ па, соны тексеруді талап етуде.
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясының басқармасы әзірге түсініктеме беруден бас тартты - тексеру енді басталып жатыр, оның нәтижесі 10 жұмыс күнінен кейін белгілі болады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА