Атырау, 24 қараша 03:49
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Зеленский парламентке үндеу жолдады

1 552 просмотра

Украина Ресейге тойтарыс бере отырып,Батысты Мәскеуден қорықпауға жәрдемдесті. Мұны президент Владимир Зеленский парламентке жолдаған үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

«Жауынгерлеріміз - миллиондаған адамды өмірге, Еуропаны бейбітшілікке үміттендіріп, империяларды келмеске кетіру үшін күресіп жатыр. Қаһармандарымыз баршамызға бейбітшілік әперу үшін жеңіске жетуі керек!», - деді Украина басшысы. Оған халық қалаулылары ду қол шапалақтап, орындарынан тұрып қошемет білдірді, деп жазады qazaqstan.tv.

Елдегі жағдайға келсек, қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. Бүгін Киев, Харьков, Днепропетровск, Одесса, Николаев, Львов облыстарында жарылыстар болды. Олар тағы да зымырандық шабуылға ұшыраған. Ал Донецк облысындағы Бахмут қаласын жарты жылдан бері ала алмай жатқан Ресей әскері тоқтай бастады.

29 желтоқсан 2022, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.