Атырау, 19 мамыр 17:50
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда 2022 жылдың үздік спортшылары марапатталды

Сурет
1 752 просмотра

Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында "Sports awards 2022" марапаттау шарасы өтті.

Олимпиадалық спорт түрлерінен «Жыл спортшысы» номинациясы - дзюдо күресінен әйелдер арасында әлем чемпионатының тұңғыш қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс медаль иегері Абиба АБУЖАКЫНОВА атанса, олимпиадалық емес спорт түрлерінен - ересектер арасында жағажай самбосынан әлем чемпионатының жеңімпазы, спорттық самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының алтын жүлде иегері Айдынбай ҚАЙЫРБЕРДІ ие болды.

«Жыл параспортшысы» - Нұрлан ДОМБАЕВ, паратаеквондодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Ұлттық спорт түрлерінен - Ақылбек АМАНҰЛЫ, қазақ күресінен әлем чемпионы.

«Жыл серпілісі» - Абдурахим ҚАРШЫҒА, грепплинг күресінен жастар арасында әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы.

«Спорт жанашыры» - Ерлан АНДАШЕВ, жеке қаражатына өзінің туған өңірі Махамбет ауданынан спорт алаңын салып берді. Онымен қоса облыста бокс спортының дамуына үлесін қосып, Халықаралық турнирлердің ұйымдастырылуына ат салысып жүрген азамат.

«Үздік спорт ардагері» - Сергей ЕЛИСЕЕВ, Болгария елінде өткен еркін күрестен ардагерлер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері,

«Үздік жас спортшы» - Зарина НҰРҒАЛИЕВА, Румыния елінде өткен шахматтан 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері. Азия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Олимпиадалық спорт түрлерінен  «Жыл жаттықтырушысы» - Сәуле САРДАРОВА, таеквондодан облыс әйелдер құрамасы әскерилер арасында әлем чемпионатында 3 медаль, Азия чемпионатында 2 медаль және Қазақстан чемпионатында 7 медаль жеңіп алды.

Олимпиадалық емес спорт түрлерінен  «Жыл жаттықтырушысы» - Ербол ТӨЛЕГЕН Атырау облысының самбодан ерлер құрамасы Әлем чемпионатынан 3 медаль жеңіп алды. Семей қаласында өткен Қазақстан чемпионатында командалық есепте бірінші орыннан көрінді.

Жыл меценаты- Болат БУШАНОВ, хоккей федерациясының президенті, облыстағы барлық ауқымды шараларға қолдау көрсетіп, спортшыларға қаржылай демеушілік танытып келеді.

«Үздік жасөспірім спортшы» - Зере ӨТЕПҚАЛИ, дзюдодан «Азия балалары» ойындарының қола жүлдегері, Азия Кубогінің күміс және қола жүлдегері.

«Ең нәтижелі спорт түрі» - Қазақ күресі

Үздік команда - «Атырау» волейбол командасы, биылғы маусымда барлық жарыстарды: ҚР чемпионатын, Қазақстан Кубогін және Суперкубогін жеңіп алды.

Үздік облыс құрамасы - Дзюдо құрамасы.

«Үздік федерация» - облыстық  Муай-тай федерациясы.

 «Үздік спорттық аудан» - Жылыой ауданы.

Жыл жобасы -«Atyrau Open Fest».

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жолдаған суреттер

30 желтоқсан 2022, 01:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.