Атырау, 19 мамыр 19:16
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Жыл адамы-2022» анықталды

Сурет
2 272 просмотра

28 желтоқсан күні Абай орталығында жыл сайын дәстүрлі түрде әр саланың үздіктерін марапаттайтын «Жыл адамы – 2022» шарасы өтті. Биыл «Жыл адамы-2022» сыйлығы Атырау қалалық санитариялық-эпидимиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мұрат ҚАМЗИНГЕ табысталды.

Ол Covid-19 індеті кезінен күні бүгінге дейін індетті жоюмен күресіп келеді. Сонымен қатар биыл 15 қазанда Жайық өзеніне батып бара жатқан 4 жасар баланы құтқарып, көзсіз ерлік жасады.

Салтанатты шарада қала әкімі Мейірім ҚАЛАУИ М.Хамзиннің негізгі кәсіби қызметімен қатар өзін ержүрек адам ретінде көрсеткенін атап өтті. Хамзиннің өзі бұл туралы қарапайым ғана айтып берді:

- Жұмыстан тыс уақытта балалар ауруханасының жанындағы жағажаймен демалып жүргенмін. Маған жақын жерде немересін жетектеген әже де серуендеп жүрді. Бір кезде кішкентай бала жағалаудан өзенге қарай түсіп кетті. Балалық шағымнан ол жағалау таныс, қайықтар тоқтайтын терең жер болатын. Бала бірден суға батып кетті. Мен бірден суға суға сүңгіп, жағаға шығардым.


Жылдың мемлекеттік қызметкері – Гүлшат АУХАДИЕВА, Алмалы ауылдық округінің әкімі;

Жылдың мәдениет қызметкері - Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген ОРЫНБАСАРҰЛЫ;

Жыл мұғалімі – И.Тайманов атындағы орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі Гүлзира СӘРСЕНҒАЛИЕВА;

Жыл спортшысы – Абиба АБУЖАҚЫНОВА;

Жылдың құқық қорғаушысы – ювеналды полиция бөлімшесі учаскелік полиция инспекторы Наурызбай СҮЙІНДІКОВ

Жыл дәрігері - №2 Атырау облыстық ауруханасының анестизиолог-реаниматолог дәрігері Даулен ЕЛЕУОВ;

Жыл құрылысшысы – «СМК-4» ЖШС басшысы Жеңіс ЖҰМАДІЛДАЕВ;

Әлеуметтік саланың жыл қызметкері – қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Гүлнар ҚҰСПАНОВА;

Жыл кәсіпкері – «INFINITY PLAZA» ЖШС-нің директоры Динара ЧАЛИЕВА;

Жыл журналисі - «Ақжайық» газетінің тілшісі, осы мақала авторы Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ;

Ауылшаруашылығы саласының жыл қызметкері – «Abdulla» шаруа қожалығы басшысы Нурбек ЭСЕНКУЛОВ;

Коммуналдық саланың жыл қызметкері - «Атырау жылу желілері» АҚ №3 учаске бастығы Забир АХОТҰЛЫ;

Жыл депутаты – Атырау қаласы Мәслихатының депутаты Мұса ХАЙРУЛЛИЕВ;

Жылдың үздік қоғам белсендісі – «Болашақ К» қоғамдық қорының төрайымы Жібек БИСЕНОВА;

Жыл үздіктерінің кеудесіне лента тағылып, естелік мүсінше табыс етілді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

30 желтоқсан 2022, 01:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.