Атырау, 24 қараша 03:27
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Иран шахматшысы жарыста өз елінің заңын бұзып, басы дауға қалды

936 просмотра

Иранның шахматшы қызы Сара Хадем блиц бойынша әлем чемпионатына қатысқан болатын, алайда жарыс кезінде ол Иранбилігі талап ететіндей хиджабта болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Golosameriki.com хабарлайды.

Халықаралық шахмат федерациясы Алматыда (Қазақстан) өткен жарыстардағы ойыншылардың фотосуреттерін жариялады. Соның ішінде Хадемнің шахмат тақтасына ойлана үңіле қарап отырған суреті де бар. Онда қыздың басы ашық, шашы иығына төгіліп тұр.

Хадем - жарысқа Иранның атынан қатысқан жалғыз бойжеткен. 

Иран қыз-келіншектерінің хиджаб кию мәселесі өз елдерінде соңғы айларда ушығып тұр. Иранның тәртіп полициясы қыркүйек айында ұлттық киімнің дресс-кодын бұзғаны үшін 22 жастағы Махса Аминиді ұстаған болатын. Ол қамауда көз жұмып, соған байланысты елде наразылық акциялары бұрқ ете түскен еді.

28 желтоқсан 2022, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.