Атырау, 28 қараша 20:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Полиция пиротехника сатушыларды ұстады

2 027 просмотра

"Пиротехника" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Тайманов көшесі бойында орналасқан шіркеу алдында маркасы Nissan Teana көлігінің 30 жастағы иесін пиротехника бұйымдарын сатып тұрған жерінен ұстады. Тексеру барысында одан 14 данасы тәркіленді.

Заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабымен хаттама жасақталып, 25 АЕК айыппұл салынды.

Осы күні Исатай-Махамбет алаңы жанында Chevrolet Cobalt көлігінің 27 жастағы иесі де көлігінен пиротехника бұйымдарын сатып тұрған жерінен ұсталды. Тексеру барысында полицейлер 30 дана петарданы тәркіледі. Бұған да осындай жаза тағайындалды.

Полиция қауіпсіздік мақсатында пиротехникалық бұйымдарды тек оны сату үшін арнайы бөлінген орындарда және тек сертификатталған пиротехника өнімдерін сатып алу қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға пиротехникалық бұйымдарды сатуға тыйым салынғанын қаперге береді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Атырау облыстық полиция департаменті жолдаған сурет

28 желтоқсан 2022, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.