Атырау, 28 қараша 20:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қаңтардағы митинг бойынша сот: бронежилеттер мен рациялар табылмаған

1 912 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

27 қаңтарда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаңтардағы оқиға бойынша жәбірленушілерден жауап алу аяқталды. Соңғы жәбірленуші ретінде Ұлттық ұланның 5546-әскери бөлімінің өкілі Асылхан КУАНОВ жауап берді. 

Оның айтуынша, Атырауда қаңтар оқиғасы кезінде әскери бөлімге 44 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Олар - қызметтік көліктер, жеке қорғаныш құралдары және «Форт-500» маркалы (травматикалық, резіңке оғымен ататын) екі мылтық. Қуанов, прокурордың сұрағына жауап бере отырып, әлі күнге дейін травматикалық мылтықтың құралдары, оқтар мен бронежилеттердің және 25 рацияның табылмағанын айтты.  

Қазір сотта куәлардан жауап алумен бірге бүлінген ғимараттар мен басқа нысандар бойынша видеожазбалар қаралып жатыр.

Сотталушылардың басым бөлігі өздерін фото-видеоға түсіруге қарсы болды. Сол себепті судья Зарема Хамидуллина залда бейнежазбаға түсіруге рұқсат бермеді. Соттың Фейсбуктегі парақшасында осы процесс тікелей эфирде түсіріліп, видеосы сақталып отыр.

Айнұр САПАРОВА

 

28 желтоқсан 2022, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.