Атырау, 28 қараша 20:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Малшылар көмек сұрайды: мал шөлден қырылуы мүмкін

Сурет Бейнежазба
1 631 просмотра




Қыстың алғашқы айының қарсыз өтіп, қара суыққа айналуы облыс малшыларын әбігерге салуда. Каналдарда су қалмай, төрт түлік мал босып жүр. Шаруалар облыс басшылығына дейін арызданғанымен бұл мәселе әлі күнге шешімін табар емес.

Индер ауданы Бағырлай, «Алғабас-Жорық» каналдары бойында отырған шаруалар қардың түспеуі малға қиын тиіп жатқанын айтып, видео жолдады: одан жылқы, түйе, сиырлардың канал бойында суға зар болып, сенделіп жүргенін көруге болады. Арық-тұрақтары әлсірегендіктен әлден-ақ құлап қалып та жатыр. Кейбір шаруалар мұзды ойып еріткенімен шұбырған малға ол дәнеме болар емес.

- Каналда кезінде айдалған су азайды, қазір тереңдігі 1 метр шамасына да жетпейді. Былтыр да осындай жағдай орын алған. Каналдағы мұзды ойғанымызбен аз су тереңде жатыр. Егер каналға су айдамаса, мал қыстан шыға алмайтын түрі бар, - дейді дабыл қаққан шаруалар.

- Қала маңындағы Қайыршақты ауылдық округінің малшылары бір ай бұрын "Қарғалы" каналында су жоқ деп дабыл қақты. Олар әлеуметтік желіге жариялап, облыс басшылығы мен «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-нан көмек сұрап, каналға су айдауды сұраған. Бірақ сол су әлі каналға жіберілмеген. 2 мыңдай қой, 1-нан астам жылқы, 200-дей түйе, 300-400 қой су таппай босып жүр. Құрғақшылықтан су ішпеген мал төл тастап жатыр, - дейді «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғазиз ҒАБДУЛЛИН.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Салауат ӨТЕҒҰЛОВ «КазСушар» АҚ Атырау филиалы мамандары Индер ауданы әкімдігімен бірге каналдар бойына су жіберу үшін аралап, ақылдасып жатқанын жеткізді.

Мақала жарияланған кезде "Бағырлай" каналына су жіберілгені белгілі болды. "Алғабас-Жорық" пен "Қарғалы" каналдары әзірге бос тұр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Индер ауданындағы шаруалар жолдаған суреттер мен видео

5 қаңтар 2023, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.