Атырау, 28 қараша 20:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атыраудағы жаңажылдық отшашу қалай атқарылады

Сурет
2 114 просмотра

Атыраулықтардың көбі жаңажылдық түн әдемі отшашумен аяқталады деп күтеді. Расында ол бізде ерекше әсерлі болады. Ал ол қалай жүзеге асырылады? «АЖ» тілшісі мұнайлы астананадағы мерекелік отшашуды ұйымдастырушылардың бірі - Бахыт Баймұратовпен тілдескен еді.

Оның айтуынша, жаңажылдық отшашу Жайықтың сол жақ жағасында "ақ үйге" қарсы бетте 31 желтоқсан күні сағат 22:50 де басталып, 10 минутқа дейін жалғасады деп жоспарланып отыр. Алайда әкімдік тарапынан түнгі сағат 12-де ату туралы хат жүзінде ұсыныс берілсе, уақыты өзгеруі әбден мүмкін.

- 10 минуттық отшашуды ұйымдастыру үшін 5 адам 2 күн бойы отшашулар мен оны орнататын құрылғыларды дайындайды, кейін пультке жалғайды. Осылардың барлығына шамамен 1600 метрдей сым жұмсалады. Межеленген күні мамандар күн жарығын пайдаланып, күні бойы құрылғыларды орнатады, - дейді Б.Баймұратов. - Осының бәріне арнайы білім қажет. Барлығы жалғанып болғаннан кейін тексеріледі. Түнде отшашудың атылуын пульт арқылы 20 метрден әрі қашықтықтан тұрып басқарып отырамыз.

- Қауіпсіздік шаралары қалай сақталады?

- Отшашу ұйымдастыру барысы төтенше жағдай және полиция қызметкерлерінің бақылауында болады. Өрттің қауіпсіздігі мен отшашу маңына адамдардың жақындап қалмауы қадағаланады. Отшашу атуға қатысатын қызметкерлер арнайы оқытылады. Оларға синтетика киім киюге, темекі шегуге болмайды. Салют атылғаннан кейін қауіпсіздік үшін 15 минут бойы күтіп, содан кейін жақындап, жинауға кірісеміз.  

- 10 минут ішінде қанша салют атылады?

- Жаңажылдық шоуға шамамен 1200 дана салют орнатамыз. Алдымен жартылай кәсіби отшашудан бастап, кейін 270 метрге дейін көтерілетін кәсіби салюттар атылады. Әр түрлі пішіндегі отшашулар арқылы көпшілікке жақсы көңіл күй сыйлауға, жаңа жылды жақсы қарсы алуларына септігімізді тигізуге тырысамыз.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Б.Баймұратовтың суреттері

28 желтоқсан 2022, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.