Атырау, 3 қазан 07:45
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

«Ешкі сүті ана сүтімен бірдей»

Сурет
2 095 просмотра

Былтыр «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жастілек ҚАЙЫРБОЛАТ жаңа бизнес идеясын жүзеге асыру мақсатында  3,5 млн теңге грант ұтып алып, Ақтөбе облысынан заанен асыл тұқымды 33 бас ешкі малын сатып алып, асылдандыру шаруашылығын бастаған.

- Алдымен бұл төлдің ерекшелігін, пайдасын саралап, зерделедім. Оның ерекшелігі – сүтінде. Бір ешкі екі-үш литр болмаса одан да көп сүт береді. Сонымен қатар егізден төлдейді, яғни тез көбейеді. Қазақта «ешкі сүті ана сүтімен бірдей» деген сөз қалған. Жаңа туған балаға ішуге жеңіл. Кезінде қазіргідей қосымша тамақ болмағанда, баланы осы ешкінің сүтімен асыраған. Сүті құнарлы әрі пайдалы. Алдағы жоспарымызда көктемгі мезгілде «заанен» тұқымды ешкілерін қолдан ұрықтандыру ісін бастау тұр. Бұған себеп – күзде төлдеген ешкі төлдері қыс мезгіліне шыдамды келеді, әрі бұл мезгілде сүтін сақтау ыңғайлы, - деді Ж.Қайырболат.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ешкі төлінің бұдан да өзге француз, альпі, нубиялық түрлерін сатып алуды жоспарлап отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған суреттер

1 қаңтар 2023, 00:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.