24 желтоқсанда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дамбы ауылы тұсындағы Жайық өзені үстінде жүрген "ВАЗ-21099" көлігін анықтады.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабымен («Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу») хаттама жасақталып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, мұз үстінде көлікпен жүруге тыйым салынады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған сурет