Қалалық мәслихат сессиясында Атырау қаласының 2023 жылға арналған бюджеті туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Айнұр ӨТЕҒАЛИЕВА баяндама жасады. Оның айтуынша, қала бюджеті 296 миллиард 604 миллион теңге болса, оның 267 миллиарды (93 пайызы) облыстық бюджетке алынуы тиіс.
Қалған қаражат былай бөлінеді. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысына – 926 млн теңге, Береке ықшамауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруға – 803 млн, Талғайраңдағы 5 қабатты үй құрылысына – 123 млн, инфрақұрылым құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға – 1 млрд 655 млн, Талғайраңдағы инженерлік коммуникациялар құрылысына – 899 млн, қала іргесіндегі Тасқала, Зарослый, Жұлдыз-3 және Ақсай ауылдарында жеке тұрғын үй құрылысы үшін коммуникациялар салуға – 124 млн, Әбілқайырхан даңғылы бойындағы 24 б, в, г үйлеріне инфрақұрылым салуды аяқтауға – 532 млн, Нұрсая мен Сарыарқа ықшамауданындаы «Бином» мектептеріне коммуникациялар салуға – 100 млн-нан, спорт және мәдениет нысандарын дамытуға – 179 млн.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ