Атырау, 28 қараша 20:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау облысында Сенат депутаттығына 2 кандидатты тіркеудің күші жойылды

1 828 просмотра

Атырау облысында Сенат депутаттығына 5 кандидат тіркелген еді. Кейін 2 кандидатты тіркеудің күші жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, Парламент Сенатының депутаттығына 6 кандидат ұсынылған. Оның ішінде 1 кандидат сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмауына байланысты заңда қойылатын талаптарға сәйкес келмеген.

«Атырау облысынан Сенат депутаттығына 5 кандидат тіркелді. Сайлау туралы заңда белгіленген тәртіппен кандидаттар тіркелгеннен кейін облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мемлекеттік кірістер департаментіне активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеруге сұрау салуды жолдады. Кандидат Ербол Иманғалиевтің декларацияны тапсыру кезінде өзі және зайыбы декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердің анық еместiгiне, ал Қанатбек Қасымғалиевтің жеке өтінішіне байланысты оларды тіркеу туралы шешімдердің күші жойылды», - деп хабарлады облыстық аумақтық сайлау комиссиясынан.

Қазір Атырау облысынан Сенат депутаттығына 3 кандидат тіркеуде бар: 1 әйел, 2 ер адам бар. Кандидаттардың екеуі – мемлекеттік кәсіпорын мен мекеменің, ал біреуі – мәслихат аппаратының қызметкері. Мамандықтары бойынша заң, ауыл шаруашылығы және білім саласының қызметкері. Орташа жасы – 57.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысынан Сенат депутаттығына 6 кандидат ұсынылып, 5-еуі тіркелгенін жазған едік.

26 желтоқсан 2022, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.