Атырау қалалық №2 сотында сот отырысы барысында қаңтардағы митингіге қатысушы Ерлан ДӘУЛЕТЬЯРОВТЫҢ үстінен жаңадан әзірленген айыптау актісі оқылды.
Іс жүзінде бір ғана өзгеріс бар: енді сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігімен («Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оларға қатысты өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану») емес, сол баптың 1-бөлігі бойынша («Билік өкілінің өз қызметтік міндетін атқаруына байланысты оны өлтірумен, денсаулыққа зиян келтірумен қорқыту») айып тағылып отыр. Яғни, біршама жеңілдетілген.
Жәбірленуші ретінде қалалық №2 полиция бөлімінің қызметкері Еламан РАМАЗАНОВ өтіп жатыр. Ол, айтпақшы, қаңтардағы митинг бойынша үлкен сот процесінде де жәбірленуші ретінде қатысып отыр.
Дәулетьяровтың адвокаты тағы да процессуалдық келісім жасау туралы өтініш берді, прокурор Абадан МАМЫРОВ тағы да қарсылық білдірмеді. Өтініш қабылданды.
Процессуалдық келісім бойынша жаңа айыптау бойынша келесі сот отырысы 27 желтоқсанда өтеді.
Айнұр САПАРОВА