Атырау, 3 қазан 09:34
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Атырау әкімі – орталық көшелерді алдағы жөндеу жұмыстары туралы

1 747 просмотра

23 желтоқсанда қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында Атырау қаласының әкімі Мейірім ҚАЛАУИ алдағы жылға облыс орталығындағы жол жөндеу жұмыстарының жоспарын айтты.

– Жол жобаларының ішіндегі ең ірісі – 13 орталық қала көшелерінің көлік жолын орташа жөндеу жұмыстары, оның ішінде Сәтпаев, Азаттық, Құлманов, Датов, Әлиев, Досмұхамедов көшелері бар. Асфальттың 10 см үстіңгі қабаты алынып, жаңасы төселеді. Жолжиектерге тимейміз, кей жердегі кеспе тастарды жаңартамыз. «Abyroy Residence» тұрғын үй кешенінің жанынан Әбілқайыр хан мен Бейбарыс даңғылдарын қосатын жол және Әбілқайыр ханнан қала маңындағы Еркінқала ауылына дейін айналма жол салынады, - деді М.Қалауи.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 желтоқсан 2022, 03:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.