Атырау, 28 қараша 20:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда ер адам жанжал үстінде үйді өртеп, қашып кеткен

1 331 просмотра

22 желтоқсанда сағат 21:12 шамасында "102" арнасына 30 жастағы әйелден күйеуі мас күйінде үйдің есігін бұзып кіріп, үшкір затпен қорқытып жатқаны жөнінде хабарлама түсті.

- Аталған мекен-жайға дереу жеткен «Батыс-58» экипажы үйдің ішінен түтін шығып жатқанын байқап, жедел әрекет еткен. Әйелді 4 жастағы қызымен қауіпсіз жерге шығарып, өртті өшірді, - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. – Ал мас күйде келіп, әйелін қорқытып, үйді өртке ораған күйеуі полиция қызметкерлері келгенше оқиға орнынан қашып кеткен.

Әйелді қызымен бірге полицейлер "Аналар үйіне" орналастырып, күйеуін іздестіріп жатыр. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

24 желтоқсан 2022, 19:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.