Астанада Балалар жылы аясында "Жас патриоттар форумы" өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 7-14 жас аралығындағы жас ақын, жазушы, блогер, суретші, өнерпаз бен спортшылар қатысты.
«Бүгін біз оқуда, спортта, өнерде және басқа да салаларда ерекше көзге түскен жас патриоттарды марапаттай отырып, "Балалар жылын" қорытындылаймыз. Сіздердің әрқайсыларыңыз еліміздің мақтанышы және болашағысыздар. Мемлекет балалардың шығармашылық әлеуетін дамытып, зияткерлік мүмкіндіктерін іске асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасап жатыр. Сіздерге толағай табыстар тілеймін», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Барлығы 10 номинация бойынша 30 жеңімпаз анықталды. Тайсалмастан суға батып бара жатқан жасөспірімдерді құтқарған атыраулық Дінмұхаммед ЖАҢБЫРБАЙ «Жас батыр» номинациясын иеленді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған сурет