Қарағандыдағы жылу желілерінде ірі апат болды, деп хабарлайды Sputnik "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС диспетчерлік қызметіне хабарлама жасап.
Алдын ала болжам бойынша ЖЭО-1 ауданында жүк машинасы диаметрі 1 метр болатын желіні жұлып кеткен. Бұл жылу энергетика орталығы Қарағандының орталық бөлігін жылытады.
Айта кетейік, биыл Қазақстандағы жылу желілері тұрғындарды әуреге салды және мұндай апаттарды соңғы жағдай деп болжауға келмейді.
24 қазанда Риддердегі ЖЭО-да қазандықтар тоқтады.10 қарашада апат қайтадан орын алып, көптеген пәтерлерді қақаған қыста жылусыз қалдырды.
27 қарашада Екібастұз тұрғындары ЖЭО-да бірнеше қазандық агрегаттарының тоқтауына байланысты жылусыз қалды.
Желтоқсан айының басында Ақтауда бірнеше күн бойы ыстық су өшірілді. 15 желтоқсанға қараған түні Семейдегі 1-ЖЭО-да өрт болды. Салдарынан қаланың сол жағалауындағы тұрғын үйлер жылусыз қалды.