20 желтоқсанда сағат 21:00 шамасында Жұлдыз ықшамауданындағы «Ботақаным» супермаркеті тұсында «Ваз 21101» көлігі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 39 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған дене жарақатынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.
Көлік жүргізушісіне қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі («Жүргізушінің адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған бейнежазба