Илон Маск пайдаланушылар арасында өзі бастаған сауалнамаға дауыс беру қорытындылары бойынша Twitter басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Осы жұмысқа келісетін ақымақ адамды тапқан бойда басшылықтан кетемін. Содан кейін тек бағдарламалық жасақтама мен серверлер командаларына жауапты боламын», - деп жазды Маск өзі ұйымдастырған сауалнамаға түсініктемеде.
Маск жексенбіде осы желіде бастаған «Twitter басшылығынан кеткенім жөн бе?» деген сауалнамада қатысушылардың көпшілігі - 57,5% Масктың Twitter саясатын басқарудан бас тартқанын жөн деп тапты.
Сауалнамаға 17,5 млн қолданушы қатысты (респонденттер арасында боттардың көп болғаны айтылып жатыр).
Сауалнаманы жариялаған кезде Маск көпшіліктің шешімін орындаймын деп уәде берді, бірақ дауыс беру аяқталған соң біраз уақыт бойы отставка жөнінде нақты ештеңе жазбады.
Еске сала кетейік, Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алды. Ол Twitter-дің директорлар кеңесін таратты.
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк Twitter-дің бас атқарушы директоры Илон Маскқа ашық хат жолдап, осы әлеуметтік медиа арнасын басқаруда адам құқықтарын басты орынға қоюға шақырды.
Илон Маск Американың бұрынғы президенті Дональд Трамптың осы әлеуметтік желідегі аккаунтын блоктан шығару-шығармау жөнінде сауалнама өткізіп, қорытындысы бойынша шешім шығарды.