Атырау, 28 қараша 20:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«11 мектепті іске қоссақ, үш ауысым болмайды»

1 406 просмотра

Соңғы он жылда Атырау қаласында 2011-2020 жылдарға арналған терможаңғырту бағдарламасы аясында жалпы ауданы 610 787,3 шаршы метрді құрайтын 149 үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл туралы қала әкімі Мейірім ҚАЛАУИ брифингте мәлім етті.

Биыл республикалық бюджет есебінен 27 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу жоспарланған болатын. Бүгінде 15 үйдің жұмысы аяқталды, қалған күрделі жөндеу жұмыстары желтоқсанның соңғы күндерінде аяқталады деп жоспарлануда. М.Қалауи мектептердегі үшауысымды оқу мәселесін жою бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

- Осы ретте қалада 11 мектептің құрылысы салынып жатыр. Олар Жаңаталап, Дамбы, Ақжар-2, Бірлік-2, Көктем-2 ауылында және Нұрсая, Сарыарқа, Еркінқала-2, Тасқала-2, Талғайран ықшам ауданында жүргізілуде. Сонымен қатар қазір №1 М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл білім ошақтарының салынуы үшауысымды мектептердің мәселесін шешуге септігін тигізеді.

М.Қалауидың айтуынша, бүгінде қалада «100 ауланы» абаттандыру жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру, кеңейту, автотұрақтар орнын салу, әсемдік қоршаулар мен түнгі жарық шамдарын қондыру жұмыстары көзделген. Сонымен қатар, балалар ойын алаңдары, спорттық-жаттығу мен кіші аяқ доп алаңдарын орнату, ағаштарды егу мен әртүрлі пішінде көркемдеу, қоқыс алаңшалары мен жәшіктерін қою сынды бірқатар жұмыстар бар.

- Қазір Балықшы, Авангард және Лесхоз ықшам аудандарында және орталық көшелерде аулаларды жаңғырту жұмыстары атқарылуда. Алдағы уақытта Вокзал маңы, Нұрсая, Мұнайшы, Водников, Тұрғын үй қалашығы шағын аудандарына кезек келеді, - деді М.Қалауи. 

Сондай-ақ ол 48 футбол алаңы жөнделіп жатқанын және оның 20-ға жуығы жыл соңына дейін аяқталып, қалғаны 2023 жылы аяқталып, пайдалануға берілетінін айтты.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

21 желтоқсан 2022, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.