Атырау, 3 қазан 09:35
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Атыраудағы мерекелік шыршалардың шамдары жағылды

1 195 просмотра

20 желтоқсан күні сағат 18:00-де қаланың мөлтек аудандарында орналасқан мерекелік шыршалардың шамы жағылмақ. Бұдан басқа, тұрғындарға, кішкентай бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қала аумағында әр түрлі мерекелік іс-шаралар өтеді.

- Желтоқсан айының 24, 25, 31 және 1-қаңтар күні «Сарайшық» коммуналдық базарында ауыл шаруашылық өнімдерін сататын жәрмеңке ұйымдастырылады. 24-29 желтоқсан аралығында М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында кішкентай бүлдіршіндерімізге арналған ертеңгіліктер өтеді. Дәл осындай ертеңгіліктер желтоқсан айының 26-30 аралығында Атырау қаласына қарасты жеті ауылдық округтердегі мәдениет үйлерінде де өтеді. Жаңа жылдың 2-5 қаңтар аралығында Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында баларға арналған ертеңгілік өз жалғасын табады, - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Н.Ермұханов. 

Оның айтуынша, 31 желтоқсан күні Сұлтан Бейбарыс алаңында қала халқы мен қонақтары үшін Атырау қаласының өнерлі жастарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Іс-шара соңы мерекелік от шашумен аяқталмақ.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

21 желтоқсан 2022, 01:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.