Оқиғаның видеосы Facebook желісінде тарап жатыр. Бөлменің керме төбесі еденге жақындап қалған, басқа жерлерде төбеден су сарқырап ағып жатыр. Видео түсіріп жатқан әйел булығып өзін әрең ұстап тұр, баланың шошып жылаған дауысы естіледі.
Бұл үйді су басқан алғашқы жағдай емес екен. Былтыр осындай жағдай басқа подъезде болған. Көршілерінің айтуынша, 4 қабатты үйді бұзу көп жылдан бері жоспарланған, бірақ оның қашан орындалатыны белгісіз.
«Хрущевкаларды» жылыту жүйелерінің ерекшеліктері - құбырлар шатырдан өтеді. Пәтер иелері темір радиаторлардан баяғыда құтылған, бірақ шатырдың астындағы құбырлар сол күйі иесіз қалған.
Сол күні кешке Беркесовтер отбасы үйде болған кезде кенеттен төбеден ыстық су төгілген:
- Біз санаулы минуттарда керме төбенің қалай суға толып, салбырап кеткенін көрдік, бұл төмендегі көршілеріміздің үйін жартылай құтқарды. Бірақ ас үй мен жуынатын бөлмені бірден су басты, - дейді Александра.
Мұндай үйлер үшін ПИК туралы айтудың қажеті жоқ. Көршілер мен керме төбені орнатқан фирма суды сорып алуға көмектессе, қаладағы мамандандырылған қызмет жарылған құбырын дәнекерлеп берді. Алайда, жақында ғана жөндеуден өткен пәтерде енді қыстап шығу мүмкін емес. Керамзитке, үгінділерге және көгершін саңғырығына толған шатыр төсемі мен төбесі көгеріп кеткен, ол жер тек ыстық жаз келгенде ғана кебуі мүмкін. Жиһаздар ісініп, ырсиып кеткен, тұсқағаздар қабырғадан түсіп қалған, ал паркет едені майысып, дымқылдан «шылп-шылп» етеді, пәтерде ылғалдың және құстың саңғырығының иісі шығады. Отбасы «келтірілген материалдық залал үшін кім жауапты?» деп сұрайды.
Дегенмен, адамдар күйіктен аман қалған. Бірақ ас үйдегі торда тұрған аламан ыстық суға тұншығып, азаппен өліп қалған.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Суреттерді түсірген автор
Беркесовтер отбасы ұсынған бейнежазба