Атақты кеңестік және қазақстандық боксшы, КСРО чемпионы, ҚазКСР және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Болат Теміров 53 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Қазақстан спорт федерациясы.
«Болат Теміров 1992 жылғы Олимпиада қатысушысы, бірнеше рет әлем чемпионаттарының қатысушысы. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болды. Бокстағы мансабын аяқтағаннан кейін бизнеспен сәтті айналысып, ҚБФ бас хатшысы қызметін атқарды, Атырау облысының құрметті азаматы болды.
Қазақстан бокс федерациясы және еліміздің барша бокс қауымдастығы Теміров Болат Бисенұлының отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», делінген хабарламада.