АҚШ Өкілдер Палатасы комитеті 2021 жылдың 6 қаңтарында Капитолиге жасалған шабуылды тергеу барысында бұрынғы президент Дональд Трампқа қарсы қылмыстық іс қозғауды ұсынады. Парламентшілердің айтуынша, ол
басқалармен бірігіп кем дегенде, төрт федералды заңды бұзған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Комитет Трампты АҚШ-қа қарсы қастандық жасады және бүлікке қатысты деп айыптап отыр. Бұл мәлімдемені парламенттік тергеуге қатысушылар бірауыздан қабылдады. Олардың пікірінше, экс-президент Вашингтонда өз жақтастарын жинап, сайлаудан кейін биліктің заңды ауысуына жол бермес үшін дауысты қайта санауға шақырған.
2021 жылдың 6 қаңтарында Капитолийге шабуыл жасау аясында 800-ден астам адам қамауға алынды. Трамптың өзі Конгреске шабуыл ұйымдастырды деген айыптауларды жоққа шығарады және осы оқиғаларға байланысты іс жүргізудің саяси сипатын «жала жабу» деп бағалайды.