Атырау, 28 қараша 20:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бес адамның өлімі үшін бес жылға жазаланды

1 514 просмотра

Жылыой аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі («Жүргізушінің ЖЖЕ немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуы») бойынша айыпталған С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. 

Сотта анықталғандай, 2022 жылдың 14 қаңтарында С.-ның басқаруындағы «Honda Odyssey» көлігі мен «ВАЗ-211540» көлігі соқтығысқан. Салдарынан «ВАЗ-211540» көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы және «Honda Odyssey»-дің жолаушысы қаза тапты. Сотталушының осы жол-көлік оқиғасына кінәсі сараптама қорытындысымен, куәгерлердің айғағымен толық расталды.

345-баптың 4-бөлігінде 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Прокурор 9 жыл тағайындауды сұрады, сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, жаза тағайындау кезінде соттылығының болмауы, балаларының кәмелетке толмағаны, тұрғылықты жерінен жақсы мінездеме алғаны жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерілді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Нәтижесінде сотталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 желтоқсан 2022, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.