Атырау, 24 қараша 03:42
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Ресейде мобилизация кезінде қашқандарға қатысты үкім шықты

1 286 просмотра

Ресейде мобилизация кезінде әскери бөлімшелерді тастап, елден қашқандарға қатысты алғашқы үкім шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Екі сарбаз шартты жаза алып отыр. Сот Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің жаңа баптары бойынша үкім шығарған. Бір үкім Мурманскіде дезертирлік туралы бап бойынша және екеуі бөлімді өз бетінше қалдырғаны үшін Великий Новгород пен Мәскеу маңындағы Солнечногорск қаласында болған оқиғаларға қатысты. 

Жергілікті ақпарат көздерінің деректеріне сүйенсек, бұл үкімдер қыркүйектің 24-і күні Президент Владимир Путин тиісті түзетулерге қол қойған соң, Қылмыстық кодексте жұмылдыру жарияланғанға дейін бір күн бұрын енгізілген жаңа баптар негізінде шығарылған.

19 желтоқсан 2022, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.