Атыраулық полицейлер 13 жасар қызды зорлаудың алдын алды деген ақпараттан кейін әлеуметтік желі қолданушылары осы істе кәсіби міндеттерін лайықты орындаған тәртіп сақшыларына алғыс білдіруде. Мұның қалай болғаны туралы толығырақ айтып өтсек.
6 желтоқсан күні сағат 9 шамасында «102» операторына белгісіз ер адамның жолаушылар орнында жасөспірім қыз отырған бөгде Renault Duster автокөлігін заңсыз иемденіп, белгісіз жаққа кетіп қалғаны туралы хабарлама түскен.
Бейнебақылау камерасымен тексеру барысында аталған автокөліктің Авангардтағы бес қабатты үйлердің бірінің ауласына жасырылғаны белгілі болды. Атырау ҚПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Асланбек Ғарифуллин, Алтынбек Халел және Теміржан Құспанов оқиға орнына үш минуттан кейін жетіп, жасөспірімді зорлауға оқталған қаскөйді байлап тастаған. Оның ұстау кезіндегі әрекеті адекватты болмаған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА