Атырау, 28 қараша 20:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әкімдікте жылыту маусымының проблемалары талқыланды

1 169 просмотра

Атырауда турбоагрегаттың істен шығуына байланысты жылыту маусымының тоқтау қаупі сақталуда. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат Кенжебеков мәлімдеді.

Ол Атырау жылу электр орталығындағы 2020 жылы күрделі жөндеуден өткен қуаттылығы 100 МВт құрайтын №12 турбоагрегат 2022 жылдың 12 қазанында ажыратылғанын айтты.

"Қалпына келтіру жұмыстары 2023 жылдың 30 қаңтарына дейін аяқтау жоспарланды. Жалпы стансаның белгіленген электр қуаты 474 МВт-ты құрағанымен, қазіргі жағдайы бойынша нақты өндірілген көлем - 186 МВт-ты құрайды. Стансаның негізгі қондырғылары бойынша жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталмаған жағдайда жылу беру маусымының тұрақты өтуіне қауіп төну ықтималдығы жоғарылайды. Сонымен қатар, жылумен жабдықтауда өзекті мәселелердің бірі «АтырауЖылуЖүйелері» АҚ-ның меншігінде жылу желілерінің тозу деңгейі 68% құрайтын 426,7 шақырым жылу желілері бар. Инвестициялық бағдарлама аясында жыл сайын 13-20 шақырымдай жүргізілген жөндеу жұмыстары 50 жылдан бері қалыптасқан жылу желілерінің тозу деңгейін төмендете алмауда. Бұл желілерді толықтай жөндеуден өткізу үшін жыл сайын 70 шақырымдай жылу желілерін ауыстыруды қажет етеді", - деді Айдулат Кенжебеков әкімдік отырысында.

Жиын барысында облыс әкімі Серік Шәпкенов басқарма басшысына қаңтар айына дейін жылыту маусымындағы мәселелерді шешу үшін арнайы бағдарлама ұсынуды жүктеді.

"Бізге жеткен арыз-шағымдардың көбі жеке жылу қазандықтары бар тұрғын-үй кешендерінің тұрғындарынан түсуде. Олар үйдің салқындығын айтып, базынасын жеткізді. Осы ретте бізде «бөліп алу» деген қағида болмау керек. «Мынаған пәтер иелері кооперативі, басқасына «Атырау-Жарық» АҚ не «АтырауЖылуЖүйелері» АҚ, жеке жылу қазандықтары бары өз алдына жауап береді» деп бөлуге болмайды. Тұрғындардың бәрі ортақ. Олардың  тиісті деңгейде сапалы қызмет алуға құқығы бар. Оны біз қамтамасыз етуіміз қажет. Қазіргі таңда ең бірінші кезектегі мәселе - оперативті түрде жылыту маусымының барысының өтуін қамтамасыз ету",-деді С.Шәпкенов.

16 желтоқсан 2022, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.