12-14 желтоқсанда Астанада қазақ күресінен юниорлар чемпионаты өтті. Оған әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350 балуан қатысты. Жылыойлық Ақылбек АМАНҰЛЫ өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Ақылбек Құлсары қаласының №18 мектебінің 11-сынып оқушысы. Дзюдо және қазақ күресімен 9 жылдан бері айналысып келеді. Жаттықтырушылары: Әбіл Мейрам мен Абилдиев Асылбек.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі жолдаған суреттер
АНЫҚТАМА
Қазақша күрес балуандарының формасы самбо балуанының формасына біршама ұқсас. Самбодан айырмашылығы, қазақша күресте күртешенің (қазақ шапанының) жеңі қысқа, иығында (ұстауға арналған) шағын жолақтар бар. Күртеше анағұрлым берік материалдан тігіледі. Белдігінен және белдік үстінен ұстауға рұқсат етіледі. Жекпе-жек мақсаты – қарсыласты арқасына лақтыру.