Атырау, 28 қараша 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мақат теміржолшылары жалақыны көтеруді талап етті

Бейнежазба
1 376 просмотра

Жақында «Қазақстан теміржолы» Мақат бөлімшесінің  бір топ жұмысшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ және «ҚТЖ» АҚ Президенті Нұрлан САУРАНБАЕВТЫҢ атына жалақыны екі есе көтеруді талап еткен видеоүндеу түсірді. 

«Біз, жұмысшылар еңбекақымызды есептеу жүйесін өзгертуді қажет деп есептейміз. Еңбекақыны 100 пайызға көтеру, айлық, тоқсандық сыйақыны төлеу және өзіміздің кәсіби мерекемізде бір оклад беру жөнінде ұжымдық келісім шартқа өзгеріс енгізуді талап етеміз. Осы талаптарымыздың орындалу барысы жөнінде 16 желтоқсанда жауап берулеріңізді сұраймыз», - делінген үндеуде.

Комментарий алу үшін «АЖ» «ҚТЖ» баспасөз қызметіне хабарласты. Олар сұрақтарымызды Press@railways.kz электронды почтасына жолдауымызды өтінді. Сұрақтарды жолдадық, бірақ әлі күнге дейін жауап түскен жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

15 желтоқсан 2022, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.