Атырау, 28 қараша 20:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бес жылда іргетасы отырды

Сурет
1 871 просмотра

Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылындағы су жаңа әкімшілік ғимараты бес жыл бұрын пайдалануға берілді. Ал қазір ол сапасыздықтың салдарынан қабырғалары жарыла бастаған.

Жалпы аумағы 340 шаршы метр болатын ғимарат құрылысына бюджеттің 86 млн 559 мың теңгесі жұмсалды. Сырт көзге әдемі көрінетін ғимараттың ішіне енсеңіз, төбесі мен қабырғадағы ұзыннан түскен жарықтарды көргеннен кейін көңіл күйің түседі.

- Менің осы ауылға әкім болып келгеніме көп уақыт өте қойған жоқ. Осында бұрыннан жұмыс жасайтын қызметкерлердің айтуынша, бастапқы жылдары қабырғада ешқандай сызат болмаған. Кейін тесіктер пайда болып, бара-бара ұлғайып, бадырайып көріне бастаған. Біз бұл туралы мердігерге - «ИнтегрейтедКонстракшнГрупп» ЖШС-не хабарладық, - дейді Ақкиізтоғай округінің әкімі Қанат МЫҢБАЕВ.

- Ғимараттың жарылу себебі - бір бұрышының іргетасы отыруынан болып отыр, - дейді аудан әкімінің баспасөз қызметінің қызметкері Ақмоншақ АБИЛХАСОВА. - Қазіргі таңда «ИнтегрейтедКонстракшнГрупп» ЖШС техникалық байқау жүргізетін болды. Содан кейін ғимараттың қандай бағытта жөнделетіні анықталады. Оны әрине ЖШС өз есебінен жүргізеді.

«Ғимараттың іргетасы неге отырып кетеді?» деген сауалымызға жауап іздеп қарағанбыз. Құрылыс мамандарының айтуынша, екі жағдайда олқылық орын алуы мүмкін. Біріншісі, обьект жері дұрыс таңдалынып алынбаса, екінші себеп - іргетасқа пайдаланылған блоктардың бір-бірімен «байланбай» қалуынан болады екен.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

18 желтоқсан 2022, 00:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.