Атырау, 24 қараша 04:25
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейдегі мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

1 153 просмотра

Ангарскідегі мұнай өңдеу зауытында болған жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті, қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзевтің айтуынша, Ангарскідегі АНХК өндірістік алаңының технологиялық қондырғысында қатты өрт шыққан.

Өрт аумағы шамамен 2500 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау ауыздықталды. Өртті сөндіруге 100-ден астам адам мен 25 техника жұмылдырылды.

Облыс губернаторы оқиғаның жергілікті инфрақұрылым жұмысына әсер етпегенін, Ангарск тұрғындарына қауіп төніп тұрмағанын нақтылады.

Оқиға салдарынан зардап шеккендердің бірі орташа ауырлықта ауруханаға жатқызылды. Тағы үш жаралыға амбулаторлық көмек көрсетілді.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға Ресей ғылым академиясының Байкал геофизикалық қызметінің жабдығы анықтаған сейсмикалық белсенділік себеп болуы мүмкін. Көптеген тұрғындар оны жер сілкінісі деп қабылдады, белсенділік уақытында жарылыспен сәйкес келеді.

15 желтоқсан 2022, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.