Атырау, 24 қараша 04:21
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Стамбул мэрі "билікті балағаттағаны үшін" түрме жазасына кесілді

898 просмотра

Стамбул соты "билікті балағаттады" деп айыпталған қала мэрі Экрем Имамоғлыны екі жыл, жеті айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Азаттық радиосы. Сонымен бірге бостандыққа шыққаннан кейін оған саясатпен айналысуға тыйым салған.

Имамоғлы қазіргі президент Режеп Ердоғанның басты қарсыласы саналады.

Сот Имамоғлының 2019 жылы айтқан сөздерін "билікті балағаттау" деп таныды. Сол жылы ол билік партиясынан түскен қарсыласын жеңіп, Стамбул мэрі болып сайланған еді.

Бірақ сайлау комиссиясы "бұрмалаушылық болды" деп, сайлауды қайта өткізбек болған. Имамоғлы екінші рет өткізілген сайлауда да жеңіске жетті. Сол кезде ол сайлау комиссиясының мүшелерін "ақымақ" деген. Түркия заңнамасы бойынша, билік өкілдерін балағаттаған адам төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Экрем Имамоғлы - Түркияда басты оппозициялық Республикалық халықтық партиясының лидері. Бұл партияның негізін қалаған - Мұстафа Кемал Ататүрік.

Сарапшылар Имамоғлыны келесі жылы Түркияда өтетін президент сайлауында Ердоғанның басты қарсыласы ретінде атап келген.

15 желтоқсан 2022, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.