Атырауда көліктері үшін салық берешегі бар көлік иелерін анықтау мақсатында рейд жүріп жатыр.
Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау облысында бес мыңнан астам адам есепте тұр, олардың мемлекетке 272,9 миллион теңге қарызы бар. Рейд басталғалы тағы 50 көлік анықталып, бюджетке түскен қосымша сома көлемі шамамен 1,5 миллион теңгені құрады.
Бірлескен рейдті бірден үш ведомство жүргізеді: Мемлекеттік кірістер басқармасы, полиция басқармасы және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы. Рейд жыл соңына дейін жалғасады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА