Атырау, 28 қараша 22:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Таныстықпен» шешу мүмкін болмады

1 638 просмотра

Атырауда полицейге Қылмыстық кодекстің 361-бабының 2-1-бөлігі Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану») бойынша сот үкімі шықты.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, патрульдік полиция батальонының инспекторы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша айғақтарды бұрмалау бойынша ұсталды.

Сотта белгілі болғанындай, полиция қызметкері танысының өтініші бойынша хаттаманы өзгертіп, онда шетелдік көлік нөмірінің орнына көліктің қазақстандық тіркеу нөмірін көрсетіп, танысына 108 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 2 млн-нан астам теңге айыппұл сомасын төлеуден жалтаруына көмектесемін деп үміттенген.

Енді бұрынғы тәртіп сақшысы лейтенант погонынан, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылып, екі жарым жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

14 желтоқсан 2022, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.