Атырау, 17 мамыр 09:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Еңбек министрлігі елімізде қандай мамандық иелері тапшы екенін айтты

1 032 просмотра

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қандай мамандық иелерінің тапшы екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Еспанов елімізде бірінші кезекте инженер мамандардың тапшы екенін айтады. 

"Негізінен өнеркәсіп өнімдерін өңдеу үшін инженерлер қажет. Сонымен қатар медицина саласында, мұғалімдер, өнеркәсіптегі жаңа технологияларды қолдануды үйрететін мамандар да тапшы", – деді ол.

Сонымен қатар Ресейден келген мамандар тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу алғанын қосым өтті. 

"Біз Еуразия экономикалық одағының 2015 жылғы келісімшарты бойынша одақ құрамындағы төрт мемлекеттің тұрғындары емін-еркін келіп, жұмыс істей алатынын түсінеміз", – деді Ілияс Еспанов.

13 желтоқсан 2022, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.