Атырау, 6 қазан 15:39
 дождьВ Атырау +19.7
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Тұрғындар қандай мәдени шаралар көргісі келетінін өздері ұсына алады

2 291 рет қаралды

Енді Атырау облысының тұрғындары облысымыздағы Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының алдағы 2023 жылға арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларына «тапсырыс» бере алады.

Басқарма әлеуметтік желіде кез келген адам осы сала бойынша қалаған ұсыныстарын бере алатыны туралы хабарландыру жариялады. Ол үшін b.amirova@atyrau.gov.kz электронды поштасына жазу немесе https://u.to/9N16HA сілтемесі бойынша форманы толтыру керек.

Мемлекеттік орган тарапынан мұндай бастама кездейсоқ пайда болған жоқ. Бұған дейін Атырау тұрғындары әлеуметтік желіде кейбір іс-шараларды жиі өткізу керек, ал кейбіріне, керісінше, бюджет қаражатын ысырап қылмау керек деген пікірлерін білдірген болатын.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

13 желтоқсан 2022, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.